Солтүстік Қазақстан – Алтын Орданың далалық коммуникациялар жүйесінде
Kozybayev University-де «Солтүстік Қазақстан Алтын Орданың далалық коммуникациялар жүйесінде» атты ғылыми дөңгелек үстел өтті. Жиында Жошы ұлысы мен Алтын Орда дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан өңірінің тарихи маңызы талқыланды. Зерттеушілер аймақтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстардағы рөліне тоқталды.
Іс-шараның мақсаты – Солтүстік Қазақстанның Жошы ұлысы мен Алтын Орда кезеңіндегі тарихи орнын ғылыми тұрғыдан зерделеу. Дөңгелек үстелге Қазақстан, Ресей және АҚШ-тан келген ғалымдар мен зерттеушілер, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев те қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Мамандар ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің өзара байланысын, Ұлы даладағы сауда және әскери бағыттарды, археологиялық және жазба деректерді талқылады.
СНХР: БОТАГӨЗ НЫШАН, «ЖОШЫ ҰЛЫСЫН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ» ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ, АСТАНА ҚАЛАСЫ
Ал археолог, тарихы ғылымдарының кандидаты, профессор Анатолий Плешаков Солтүстік Қазақстанның ортағасырлық археологиялық ескерткіштерінің зерттелу жай-күйі мен алдағы зерттеу перспективалары туралы баяндама жасады. Ғалым өңір аумағындағы тарихи нысандардың Жошы ұлысы кезеңіндегі маңызына тоқталды.
СНХР: АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ
Дөңгелек үстел аясында Жошы ұлысының тарихы мен мұрасына арналған ғылыми еңбектер және университеттің ғылыми жобалары таныстырылды. Зерттеушілер мұндай басқосулар өңір тарихын жаңа деректер негізінде зерделеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.