Негізгі Жаңалықтар Ғазиз Есмұқанов 90 жасқа толды

Ғазиз Есмұқанов 90 жасқа толды

Бүгін Мемлекет және Қоғам қайраткері Ғазиз Есмұқанұлы Есмұқанов 90 жасқа толып отыр. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің көші-қон саласының қалыптасуына үлес қосқан азамат. Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы 1936 жылы 10 қыркүйекте Мамлют ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. 

Ғазиз Есмұқанов еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында бастап, туған өңірінде 25 жылдан астам басшылық қызмет атқарды. Кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінде, Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитеті мен Ауыл шаруашылығы министрлігінде жауапты қызметтер атқарды. Ал 1992 жылы Еңбек министрлігі жанынан Көші-қон департаменті құрылғанда, оның тұңғыш төрағасы әрі министр орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметте шетелдегі қазақтардың тарихи Отанына оралуын ұйымдастыру жұмыстарына жетекшілік етті. Қандастарды елге көшіру мақсатында Моңғолия, Иран және Түркияға барып, арнайы жұмыс тобын басқарды. Сонымен қатар Женевада өткен халықаралық конференцияда Қазақстанның көші-қон мәселесіне қатысты ұстанымын таныстырып, кейін Бішкек, Женева және Ашхабадтағы кездесулерге қатысты. Туған өңірінің дамуына сіңірген еңбегі үшін 2016 жылы «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды.

Бөлісу