Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша толық қуатта жұмыс істеп тұр
Петропавлда мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған «Жас өркен» балабақшасы халық игілігіне беріліп, бүгінде жұмыс істеп тұр. Балабақшаның ашылуы ата-аналар үшін үлкен қолайлылық туғызды. Бұрын балаларын алысқа тасымалдаған ата-аналар енді бүлдіршіндерін тұрғылықты жеріне жақын балабақшаға әкелуге мүмкіндік алды. Мекеме балаларға қажетті барлық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Балабақшада 2 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған 12 топ бар. Жалпы жобалық сыйымдылығы 280 орынға шақталған заманауи мекеме қазіргі уақытта толық. Балақайлардың дамуы мен қауіпсіздігі үшін балабақша барлық қажетті материалдық-техникалық базамен және оқу-әдістемелік құралдармен толық жабдықталған.
СНХ: БАЛҒЫН МУСИНА , «ЖАС ӨРКЕН» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Балабақшаның ашылуы ата-аналар үшін де үлкен қолайлылық туғызды. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мүмкіндігінің артуы ата-аналарға балаларын қауіпсіз әрі жайлы ортада тәрбиелеуге мүмкіндік беріп, олардың күнделікті тұрмысын жеңілдетті.
СНХ: БАЛЖАН ҚҰТТЫБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Балабақшада 24 тәрбиешімен қатар логопед, психолог, музыка жетекшісі және дене шынықтыру нұсқаушысы қызмет етеді. Барлық топтар заманауи мультимедиялық құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар, оқу-тәрбие үдерісінде жасанды интеллект элементтерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған.