Негізгі Жаңалықтар Есіл бассейндік су инспекциясы сегіз айлық жұмысын қорытындылады

Есіл бассейндік су инспекциясы сегіз айлық жұмысын қорытындылады

 Есіл бассейндік су инспекциясы сегіз айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Мекеме қызметінің негізгі бағыттары — ресурстарды үнемді пайдалану, мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету және тасқынға қарсы шараларды жүзеге асыру.

Қазіргі уақытта Есіл бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы тұрақты. Солтүстік Қазақстан облысының су қоймаларында 715 миллион текше метрден астам қор жиналды. Инспекция мамандарының мәліметінше, бұл көлем аймақ қажеттілігін өтеуге толық жеткілікті. Әсіресе, егістіктерді суару кезеңінде су тапшылығы орын алған жоқ.

СНХ: ГҮЛДЕН ИСМАҒҰЛОВА — ЕСІЛ БАССЕЙНДІК СУ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Су ресурстарын пайдалануды қадағалау — инспекция жұмысының басты міндеттерінің бірі. Өңірде жалпы аумағы 18 мың гектарға жуық алқапты суаруға 58 рұқсат құжаты берілді. Бұған қоса, 32 кәсіпорын суды қайта айналымда тұтыну жүйесін енгізіп, табиғи көздерге түсетін салмақты азайтты.

СНХ: : ГҮЛДЕН ИСМАҒҰЛОВА — ЕСІЛ БАССЕЙНДІК СУ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сонымен қатар, заңнама талаптарының бұзылуын анықтау жұмыстары да жүйелі жүргізіліп келеді. Сегіз ай ішінде 47 әкімшілік іс қозғалды. Оның 37-сі бойынша жалпы сомасы 11 миллион 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Қазіргі таңда облыста тасқынға дайындық шаралары да қатар жүріп жатыр: қорғаныс бөгеттері салынып, жағалаулар бекітілуде, сондай-ақ Есіл өзенінің арнасында тазартылу жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу