СҚО-да банкроттық рәсіміне сұраныс артқан
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы жылдары жеке тұлғалардың банкроттық рәсіміне деген қызығушылығы айтарлықтай артқан. 2023 жылдан бастап биылғы қыркүйек айына дейін соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізуге 8753 адам өтініш берген. Оның ішінде 1 687 адамға банкроттық рәсімі қолданылды. Ресми статистикаға сүйенсек, аймақта соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша 2023 жылы – 132 адам, 2024 жылы – 168 адам, өткен жылы – 646 адам, ал биылғы есепті кезеңде – 741 адам банкрот деп танылған. Осы кезеңде 11 адам сот арқылы өзінің төлем қабілетсіздігін растаған. СҚО-да банкрот деп танылған азаматтардың жалпы берешегі 1,2 миллиард теңгеден асқан. Сонымен қатар, 2023-2026 жылдар аралығында өңірде 20 жеке кәсіпкер банкрот деп танылған. Олардың үшеуі биыл қарыздары бойынша төлем қабілетсіздігін мойындаған.
СНХР: ЛЮДМИЛА БРЫСКИНА – СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДӘРМЕНСІЗ БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ