Оқушыларға жолда жүру ережелері түсіндірілді
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет. «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында Қызылжар ауданының Жастар ресурстық орталығы кезекті акция өткізіп, Бескөл оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндірді. Тақырыпты әріптесім жалғастырады.
Қызылжар ауданында оқушыларға жолдағы қауіпсіздік ең алдымен мұқият болудан басталатыны түсіндірілді. Акция «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар мен ата-аналарға жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектесетін қарапайым қауіпсіздік шаралары айтылды.
СНХР: АЙГҮЛ КЕМЕЛОВА – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әсіресе екінші ауысымнан кейін үйіне қайтатын балаларға ерекше назар аударылды. Кешкі уақытта күн ерте бататындықтан, жаяу жүргіншінің жолда анық көрінуі маңызды. Осы мақсатта оқушыларға жарық шағылыстыратын ленталар таратылды. Оларды киімге немесе сөмкеге тағуға болады. Бұл жүргізушінің баланы жолда байқауына мүмкіндік береді.
СНХР: ДИНА СЫЗДЫҚОВА – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Бескөлдегі төрт мектепте 350 оқушыға жарық шағылыстыратын ленталар табысталады. Ұйымдастырушылар жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті. Ал қауіпсіздік үшін кейде бір қарапайым іс-әрекет жеткілікті.