Негізгі Жаңалықтар С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры 28-ші маусымын ашты

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры 28-ші маусымын ашты

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының 28-ші маусымының ашылу салтанаты өтті. Мерекелік шараға өнер саласына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалар мен театр ұжымы қатысты. Жаңа маусымның ашылуына орай арнайы брифинг те ұйымдастырылды. Онда өнер майталмандары театрдың бүгінгі тынысы, сахна өнерінің дамуы және алдағы шығармашылық жоспарлары туралы ой бөлісті.

Жаңа маусымда театр ұжымы шығармашылық байланыстарды нығайтып, тәжірибе алмасуға да басымдық бермек. Осы мақсатта труппа Қостанай қаласына екі күндік іссапармен барып, көрерменге өз қойылымдарын ұсынбақ. Сонымен қатар театр ұжымы Түркістан мен Шымкент қалаларына да гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр.

ДӘУРЕН ТОЙБАЗАР, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Биыл театр ұжымы жаңашыл бастама көтеріп, елімізге еңбегі сіңген тәжірибелі өнер қайраткерлерін сахна төріне шақырды. Танымал өнер иелері жергілікті актерлермен бірге өнер көрсетіп, көрерменге ерекше шығармашылық кеш ұсынды. Бұл жоба театрдың жаңа маусымындағы тың бастамалардың бірі болды.

АЙНҰР БЕРМҰХАМБЕТОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

Ал кештің ең қызықты бөлігі дәстүрлі рәсіммен жалғасты. Театрдың актерлері, актрисалары, бишілері мен шығармашылық ұжымы қызыл кілеммен жүріп өтті. Көрермендер өнер иелерін жылы ықыласпен қарсы алды. Осындай ерекше сәтте театрдың жаңа маусымынан күтетін үміт те бөлек. Кешке арнайы келген өнер өкілдері өз пікірлерін білдірді.

СЫРЫМ ҚАШҚАБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ 

Кеш барысында ән де шырқалып, би де биленді. Театр ұжымы арнайы қойылымдарын ұсынып, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сахнада актерлер мен бишілер өнер көрсетіп, шығармашылық ұжым өз өнерлерін ортаға салды. Жаңа маусымның ашылуын тамашалауға жиналған көрерменнің қарасы да қалың болды.


Бөлісу