Негізгі Жаңалықтар Ғабит Мүсірепов ауданындағы ілкімді істер

Ғабит Мүсірепов ауданындағы ілкімді істер

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда күзгі жиын-терін науқаны қызып тұр. Мұнда биыл диқандар 722 мың гектар алқаптың өнімін жинауда. Маңызды кезеңнің барысын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы барып көрді. Өңір басшысы бұдан бөлек аудандағы жаңа қазандықтың іске қосылуын және тауарлы-сүт фермасының жұмысын тексерді. 

Айыртаудан кейін облыс әкімі жұмыс сапарымен Ғ. Мүсірепов ауданына барды. Өңір жетекшісі ең алдымен жаңадан салынған орталық қазандықтың жұмысымен танысты. Нысанның құрылысына 1 млрд 100 млн теңге бөлінген. Қазандық Новоишимское ауылындағы 19 көпқабатты баспананы, 15 шағын және орта бизнес нысанын және 24 бюджеттік мекемені жылумен қамтиды. 

РУСЛАН АҢБАЕВ, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

Кейін облыс әкімі "Астық қоймалары Хлебная база" серіктестігінде элеваторлардың басшыларымен тілдесті. Ауданда 25 астық қабылдау орны жұмыс істейді. Олардың жалпы сыйымдылығы 890 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорындар 40 пайызға толы. 

САНАТ ҚУАТОВ, "Астық қоймалары Хлебная база №2" ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

Ғабит Мүсірепов - ауыл шаруашылығы бойынша облыстағы шоқтығы биік ауданның бірі. Биыл жер емген диқандар 722 мың гектар жерге егін еккен. Агроқұрылымдарға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатыр. Серіктестіктер биыл 8 млрд 500 млн теңгеге 120 техника сатып алған. Қазіргі таңда ауданда орақ науқаны қарқынды жүріп жатыр. Маңызды кезең барысында облыс әкімі жергілікті еңбеккерлермен тілдесті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Бұл - Нежинка-Ерке серіктестігінің тауарлы-сүт фермасы. Кәсіпорын биыл қолданысқа берілген. Бір мезетте 36 сиырды саууға мүмкіндігі бар. Нысанды салу үшін агроқұрылымға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліпті.

ҚУАТ БАТЫҚОВ, "Нежинка Ерке" ЖШС директоры, Ғ. Мүсірепов ауданы

Серіктестік ірі қарамен қатар, Қамбар ата төлін де ұстайды. Агроқұрылым да барлығы 800 бас жылқы бапталады.

Бөлісу