17 наурыз - Наурызнаманың онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні. Ұлттық мерекемізді ұлықтау шаралары өңірімізде де кең көлемде өткізіліп жатыр. Наурызнама аясында сондай ауқымды іс-шаралардың бірі Петропавлдағы "№17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде ұйымдастырылды. Мерекеге облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты.
Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні,- бұл ұлтымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, қолөнер, өнері мен мәдениетін сақтауға және насихаттауға арналған күн . Бұл күні көрмелер, концерттер, театрландырылған қойылымдар, сонымен қатар халық қолөнері мен дәстүрлі өнерді үйренуге арналған шеберлік сыныптары өткізіледі. Облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов отбасылық құндылықтарды насихаттауға және адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
"№17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде" 1800 оқушы бар. Білім ордасында ұйымдастырылған Наурызнама аясында олар өңірімізде тұратын түрлі халықтардың ұлттық тағамдарының көрмесін ұйымдастыруға да ат салысты. Сонымен қатар оқушылар меймандарға мерекелік көңіл-күй сыйлар ән мен биден шашу шашты.
СНХР: ЛӘЗЗАТ ЖОЛМҰҚАНОВА -№17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Наурызнама онкүндігінің әр күніне айдар тағылып - ат қойылған. Сондықтан әр күнгі тақырып та соған орай өткізілетін іс шаралар да алуан түрлі. Көрмелер, түрлі фестивальдар, әдеби-музыкалық кештер мен кино көрсетілімдері, қайырымдылық акциялары, мәдени-спорттық іс-шаралар осылардың барлығы ұлыстың ұлы күні қарсаңында халыққа көтерің көңіл күй сыйлауға бағытталған.