Петропавлда әз-Наурыз мерекесіне арналған «Береке басы – Наурыз» атты республикалық командалық ақындар айтысы өтті. Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облысының ақындары арасында өткен жыр додасында әр командадан төрт айтыс ақыны, термеші, жыршы, дәстүрлі әнші және күйші қатысты. Ақындар айтыстың түре, сүре, қайым, қыз бен жігіт түрлерінен сынға түсті. Айтысты тамашалуға біздің арнаның түсірілім тобы да барып қайтты.

Айтыс – қазақтың ата өнері. Екі шекті домбыраның ырғағымен елдің ықыласына бөленген ақындар қарапайым халық үшін қашан да қымбат. Оған біз Наурыз мерекесіне орай өткен екі облыстың ақындары арасында өткен айтысында куә болдық. Іс-шараны «AMANAT» партиясының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы ұйымдастырды. Жыр додасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, ақын Аманжол Әлтай жүргізді. Ашылу рәсімінде аймақ басшысының арнайы құттықтауын Жүсіп Жұмағұлов оқып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аламан айтысқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған қазылар құрамына танымал айтыскер ақын Серік Қалиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Рига Онаева, жырау-ғалым Алмас Алматов, күйші Жанғали Жүзбаев және дәстүрлі әнші Айтбек Нығызбаев төрешілік жасады

Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманға өңір басшысы атынан шапан жабылды.

Дода көркін бірінші болып Сұлтан Жарқынұлы мен Ерқұлан Бекболат ашты. Өнерпаздар жиналған көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы жыр-додасын қортындылай келе Солтүстік Қазақстан облысының ақындары мен өнерпаздары үздік деп таныды. Жеңімпаз команда 12 сәуірде Петропавл қаласында өтетін айтыста Астана қаласының ақындарымен сынға түседі. Команда мүшелеріне қаржылай сыйақы табысталды: әр ақынға – 500 мың теңгеден, ал жыршы, термеші, дәстүрлі әнші және күйшілерге – 250 мың теңгеден берілді.

СНХР: ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ – ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, КОМАНДА КАПИТАНЫ


Зал лық толып, айтыс сүйер қауым кешті тапжылмастан тамашалады.