М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да «Бөрік теппек» ойыны өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл - Қазақтың ежелден келе жатқан ойыны, ол жоғары оқу орнында дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

Бөрік теппек — қазақ халқының ұлттық ойыны. Негізінен жаздыгүні көгалда, ашық далада ойналады. Ойын ережесі бойынша, ойынға жиылғандар қаз- қатарынан тұрып, қолдарындағы көлемі бірдей допты кезектесіп лақтырады. Қатысушылардың ішінде кімде-кім үш рет допты барлығынан алысқа лақтырса, сол жеңімпаз атанады. Жрыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып,сыйлықтарға ие болды.