Петропавлда CLAAS ауыл шаруашылығы техникасы кәсіпорнында дуалды оқыту бойынша оқу орталығы ашылды. Бұл жоба «жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ерекше маңызға ие. Енді колледж студенттері тәжірибелік дәрісті зауытта алып, мамандықты игеруге қажет дағдыларын дамытады.
Облыс орталығында орналасқан «CLAAS» зауыты 2021 жылы ашлыған. Кәсіпорын ауылшаруашылығы техникаларын құрастырады. Мәселен, былтыр мұнда 350 техника шығарылған.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен CLAAS компаниясының Шығыс аймағы бойынша аға вице-президенті Михаэль Риттер бастаған Германиядан келген делегация оқу орталығының мүмкіндіктерімен танысты. Ірі өндіріс орны ауыл шаруашылығы техникаларын шығарып қана қоймай, болашақ білікті мамандарды дайындамақ. Кәсіпорын мен «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжі» дуалды білім беру туралы өзара келісімге қол қойды.
Бағдарлама арқылы студенттер заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары бойынша тәжірибеден өтеді. Оқу 60 та 40 принципі бойынша құрылып, студенттер көп уақытын зауытта өткізеді. Колледж студенттері мұнда 3 жыл бойы білім алады. Кейін түлектер осы кәсіпорынға жұмысқа орналаса алады.
Илья Дмитриев – жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік - педогогикалық колледжінің 2-курс студенті. Ол мұнда қаңтар айынан бастап тәжірибеден өтіп, заманауи техниканың тілін меңгеріп жатыр. Жасөсіпірім қазіргі таңда жұмысшы мамандығы сұранысқа ие екенін жақсы біледі. Сондықтан, ол бұл саланы таңдағанына өкінбейді.
СНХ: ИЛЬЯ ДМИТРИЕВ, ЖОҒАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК-ПЕДОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
СТЕНДАП: АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:
- Бүгінде зауытта 100-ден астам адам еңбек етеді. Мамандардың орташа еңбекақысы 350 мың теңгеден басталады. Кәсіпорында жыл сайын өнім көлемі артқандықтан, кадр қажеттілігі де бар.
Биыл кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтпақ. 530-ға жуық заманауи ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды жоспарлап отыр.