Өңірде медициналық мекемелердің жағдайын жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, былтыр 5 ауылдық және 9 қалалық денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. Ал, биыл 19 медициналық мекеме жөнге келтіріледі. Бұл мақсатқа 2 млрд теңге жұмсалмақ.

Бұдан бөлек медициналық жабдықтарды жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жылы бұл мақсатқа 5,4 миллиард теңге бөлініп, ауруханаларға жоғары сапалы УЗИ, цифрлық рентгендер, маммограф, салқындатқыш центрифуга, литотриптер, жасанды қан айналымы аппараты және басқа заманауи құрылғылар сатып алынған. Биыл осы мақсатқа бөлінетін қаржы 1,5 есе ұлғайып, 7,5 миллиард теңгеге жетті. Оның ішінде 4,5 миллиард теңге қалалық медициналық ұйымдарға тиесілі. Алдағы уақытта, қалалық және аудандық ауруханалар үшін МРТ, КТ, ангиограф және видеоэндоскопиялық кешенді сатып алу жоспарда бар.