Көктемнің алғашқы күні Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Мереке елімізде 2016 жылдан бері аталып келеді. Бұл – өз қызметімен қоғамның өркендеуіне ықпал ететін Қазақстанның әрбір азаматының мерекесі. Солардың бірі - 25 жылдық тәжірибесі бар Светлана Шәукерова. Ұстаз шәкірттеріне қазақ тілін үйретіп қана қоймай, олардың болашағына жол ашып, үлкен өмірге бағыт беріп келеді.

Светлана Шәукерова – ұстаздар әулетінің өкілі. Оның бауырлары да білім саласында қызмет етеді. Ұстаздық жолда жүргеніне 25 жыл болған. Соңғы 13 жыл бойы дарынды балаларға арналған «ЛОРД» мектеп-лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді.

СВЕТЛАНА ШӘУКЕРОВА, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «ЛОРД» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:

- Жалпы өзім еңбек етіп жатқаныма 13 жылға аяқ басты. Жалпы өзімнің мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде басқа ұлт өкілдеріне сабақ беремін. Менің ең бірінші ұстаздық міндетім яғыни басқа ұлт өкілдерінің балаларын біздің қазақ тіліне сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын арттыру. Өзіміздің біздің ана тілімізде сөйлетуге баулу. Мінекей осы бағытта жұмыс істеп кележатырмын. Жалпы еңбегімнің нәтежиесі жаман емес. Білім беріп жатқан шәкірттерімнің де жетістіктері бар. Республика, облыс көлемінде олимпиадаларға қатысып ғылшыми жобаларын қорғап өздерінің білім деңгейлерін көрсетіп жатыр.

Светлана Шәукерова үшін мұғалімдік – жай ғана мамандық емес, өмірлік миссия. Ол оқушыларымен тығыз байланыс орнатып, әр баланың қабілетін ашуға ерекше көңіл бөледі. Интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытады. Сабақ барысында түрлі мультимедиялық материалдарды пайдалану арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, білімді терең меңгеруге ықпал етеді.

ЗАХАР ШПАНОВ, 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Менің қазақ тілі мұғалімім Светлана Набиевна өзінің тамаша дайындығы, ұстаздық шеберлігімен мен үшін ерекше. Қазақша түсінемін, сөйлеуге тырысамын. Маған қазақ тілін білген ұнайды. Сол үшін үлкен алғыс айтқым келеді.

ДАРЬЯ КУБЫКИНА , 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Мен барлық мұғалімдеріме кремет және терең білімі үшін алғыс айтамын. Әсіресе қазақ тілі мұғалімі Светлана Набиевнаға алғысымды айтамын. Онымен бірге олимпиадаларға қатысып орын алдым.

«Ұстаздық жол – үздіксіз даму мен ізденісті талап ететін сала. Өзім де оқушыларыммен бірге білімімді жетілдіріп, үнемі дайындық үстінде жүремін,» – дейді Светлана Нәбиқызы. Ол 2022 жылы Ыбырай Алтынсарин медалімен марапатталды. Ұстаз үшін бұл үлкен жетістік қана емес, әрі қарай дамуға, жаңа белестерді бағындыруға мотивация. Осы марапаттан кейін «Үздік педагог» республикалық конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды.

СВЕТЛАНА ШӘУКЕРОВА, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «ЛОРД» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:

- 2022 жылы осы өз пәнім бойынша «Үздік педагог» конкурсына қатыстым республика көлемінде. Мінекей онда да ең бірінші сол жылы жаңа өзгерістер енгізілген болатын бұл конкурсқа. Яғыни сақа қалада танымайтын балаларға қазақ тілінен сабақ беру талабы енгізілді. Меінекей соның алғашқыларының бірі болып өзімді есептеймін. + скл 01:39 Астана қаласына барып, сол жердегі 85 мектеп лицейде басқа ұлт өкілдеріне танымайтын балаларға қазақ тілінен таныс емес тақырыппен сол 45 минут сабағымды өткізіп, республикалық деңгейде үздік нәтежие көрсеттім.

«Мен тек пәнді үйретіп қана қоймай, қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгертудің заманауи әдістерін қолдануға тырысамын. Білім беру ісіне жаңашылдық енгізуді мақсат етіп, кәсібімді үлкен жауапкершілікпен атқарамын,» – дейді Светлана Нәбиқызы. Оның еңбегінің жемісі – қазақ тіліне қызығушылық танытып, жетістікке жетіп жүрген шәкірттері.