Қазақстан Қытаймен ядролық энергетика саласында құжатқа қол қояды. Сонымен қатар екі ел бірлесіп Каспий теңізінде сауда терминалын салуы мүмкін. «Орталық Азия – Қазақстан» саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныстар айтты. Ал Қытай төрағасы әлемдегі сауда соғысына қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Сонымен бестік елдері мен Азия алыбы қандай келісімге келді? Маңызды жиында Президенттер қандай құжатқа қол қойды? Тілші материалында

Астана аспаны шайдай ашық. Азия кіндігіндегі бестік пен айдаһар елінің бір-біріне ұстанымы да айқын. Алыс-берісті арттыру — ортақ мүдде. лордаға ат басын бұрған әріптестерін Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздік сарайында өзі қарсы алды.

Орта Азия мен Қытай саммиті осымен екінші мәрте өтіп отыр. Дәл осы құрамда мемлекет басшылары 2023 жылы Сиань қаласында кездесіп, әр екі жыл сайын бас қосу келісілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қос тарап арасындағы байланыс жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айтты.

СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


СНХ: СИ ЦЗИНЬПИН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Орталық Азия елдері де Қытаймен қарым-қатынасты күшейтуге бейілді. Шығыстағы көршіміз қазір жаһандық экономиканың негізгі қозғаушы күші. 

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Қазіргідей аумалы-төкпелі уақытта тауар тасымалына түрлі жолдар қажет-ақ. Ал Орталық Азия батыс пен шығысты төте жалғап отырған алтын көпір. Былтыр Қытайдан аймақ елдері арқылы тасымалданған жүк көлемі 12 пайызға артып, 211 мың контейнерден асты. Оның 85 пайызы Қазақстанға тиесілі. Президент жүк тасымалын арттыруға қатысты тағы бірнеше ұсыныс айтты.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Халықаралық сауда демекші. Қытай төрағасы Си Цзиньпин жаһандағы тарифтік текетірестер ешкімке пайда әкелмейтінін айтты. Әлемде джунгли заңы үстемдік етпеуі керек. Халықарылық құқық пен тәртіп басты орында болуы керек дейді төраға Си.

СНХ: СИ ЦЗИНЬПИН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Жаһан жік-жікке бөлініп жатқанда Қазақстан мен Қытай тағы бір маңызды салада келісімге келмек. Ядролық энергетика бойынша әріптестік дамиды. Жасыл қуат көздері бойынша да бірлескен ірі жобалар бар.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


СНХ: ШЕРХАН ЖАМБЫЛҰЛЫ ТІЛШІ

Бұдан бөлек Қазақстан Қытаймен жасанды интеллект, биотехнология, кванттық есептеу салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі. Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматының 2026-2030 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеуді де ұсынды. Ал саммит қорытындысы бойынша Президенттер Астана декларациясы мен мәңгілік тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.