Облыс орталығында табиғатты ластау мәселесіне қоғам назарын аудару және экологияға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Clear-FEST» спорттық-экологиялық фестивалі өтті. Іс-шараға оқушылар, студенттер мен еріктілер қатысты.

Фестиваль жағалау аумағын тазартуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Іс-шараға әрқайсысы 7 адамнан тұратын 7 команда қатысты – олар мектеп оқушылары, студенттер мен еріктілер. Қатысушылар тек тазалық жұмыстарының жылдамдығы мен көлемі бойынша ғана емес, сондай-ақ экологиялық білімдері мен командалық жұмыс дағдылары бойынша да сынға түсті.

СНХР: ДАЯНА БАЙМҰҚАНОВА, «JE SKO ШТАБЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ


2 жыл қатарынан волонтерлықпен белсенді айналысып келе жатқан Аружан Қажиғалиеваның айтуынша, ол бұған дейін де осындай экологиялық науқанға қатысқан. Сол кезде командасымен бірге 120 келіге жуық қоқыс жинаған. Аружан әр адамның табиғатты қорғауға өз үлесін қоса алатынын атап өтті.

СНХР: АРУЖАН ҚАЖЫҒАЛИЕВА, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ВОЛОНТЕРЫ


Айта кету керек, жыл сайын өткізіліп тұратын бұл фестивальге биыл 50-ге жуық ерікті қатысты. Жеңімпаздарға кубок, диплом мен сертификаттар табысталды.