Есіл өзенінің ластану көрсеткіші жылдан жылға артып барады. Мамандар проблемаға назар аударылмаса, оның суы тек өндіріспен шектеліп, өзгеге жарамайтын болып қалады дейді. Аталған су қоймасы Қазақстандағы ең лас өзендердің қатарында.
Суды сүзгі арқылы ғана тұтыну әлдеқашан қалыпты құбылысқа айналған. Динара Айтқұлова асқа күніне 40 литр су сатып алатынын айтады. Өйткені үйдегі краннан ағатын судың сапасына көңілі толмайды.
Сәуір айында Петропавл қаласында жасалған сараптама нәтижесінде судың ластану деңгейі 6-класты көрсеткен. Бұл – сапасы өте нашар деген сөз. Талапқа сай мұндай суды тек өндірістік мақсатта пайдалануға болады.
СНХ: ОКСАНА ГОРДИЕНКО, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
СНХ: ЛАРИСА АШИРОВА, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» МЕКЕМЕСІНІҢ ТЕХНОЛОГЫ
СНХ: Эльмира Кәленова, тілші:
- Есіл Қарағандыдан бастау алып, Ресейдің Түмен облысындағы Тобыл өзеніне құяды. Экологтардың айтуынша, Петропавл қаласынан төмен қарай ластану көрсеткіші жоғарылай береді. Қоршаған ортаға ең көп зиян келтіруші – адам. Оның зардабын тартатын да өзіміз.