Жазғы жиындарға аттанар алдында денсаулық басты назарда. Жастар денсаулық орталығы жас каратэшілерге арналған профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Орталықтың мамандары тексеру жүргізіп, жасөспірімдердің денсаулық жағдайына көз жеткізді.

Медицина орталығына келген каратэшілер алдымен педиатрдың тексеруінен өтті. Одан соң анализ тапсырып, психологтың тренинг-ойынына қатысты. Мұндай кешенді іс-шаралардың мақсаты – жазғы оқу-жаттығу жиындары кезінде жарақаттың алдын алу және спортшылардың жалпы жағдайын бақылау болып табылады.

СНХР: АЙЫМГҮЛ ҚАНАШЕВА, ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Медициналық тексеруден өткен 14 жас спортшы – Солтүстік Қазақстан облысының құрама командасы. Олар жуырда Зерендіде өтетін оқу-жаттығу жиынына жол тартады. Жаттықтырушының айтуынша, бұндай тексерулер олардың дайындығына оң әсерін тигізбек.

СНХР: АҚЖАН НӘКЕНОВ, СҚО АШИХАРА КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ


Жастар денсаулық орталығының есігі кез келген жасөспірім үшін ашық. Мамандардың айтуынша, емхана тіркеуіне қарамастан, 10 бен 29 жас аралығындағы кез келген адам тегін тексеруден өте алады. Ең бастысы — денсаулыққа бейжай қарамау.