Облыс орталығындағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында түлектерге аттестат табыстау салтанатты рәсімі өтті. Биыл бұл білім ордасында 74 түлек мектеп бітіру туралы құжаттарын қолға алды. Оның ішінде екеуі Алтын белгі иегері атанды.
Түлектерге аттестат табыстау рәсіміне ұстаздармен түлектердің ата-аналары және жақындары қатысты. Салтанатты жиында 74 түлекке мектеп бітіру құжаттары табысталып, құттықтау сөздер айтылды.
Мектеп басшылығы оқушылардың жетістіктерін атап өтіп, алдағы оқуында сәттілік тіледі.
СНХР: ШЕГЕБАЙ НҰРҒОЖИН – АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Ең үздік түлектердің бірі, «Алтын белгі» иегері – Нұртілеу Шұғай. Ол бұл жетістік тек өзінің ғана емес, ұстаздарының да жеңісі екенін айтады. Ол болашақ мамандығын IT саласымен байланыстырмақ.
СНХР: НҰРТІЛЕУ ШҰҒАЙ– АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ
Білім басқармасының мәліметінше, 2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 3 654 оқушы мектеп бітірген. Олардың ішінде 124-і – «Алтын белгі» иегері, 231 -і – үздік аттестат иегері.