Иппотерапия — бұл емдік мақсатта атпен жүру арқылы жүргізілетін ем түрі. Бұл әдіс балалардың церебральды сал ауруын, аутизм және қимыл-қозғалыс жүйесіндегі бұзылыстарды, психоэмоционалдық қиындықтарды емдеуге тиімді. Осы мақсатта «Ардос - жүрек» мүгедектер бірлестігі жаз мезгілінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.
Иппотерапия - медицинада қолданылатын емдеу жолының бір түрі. Жылқы да жеті қазынаның бірі. Қазақта киелі жануар болып есептелетін жылқы көптеген аурудың алдын алуға себепші. Сондықтан ата-аналар балаларын ем болады деген үмітпен осы терапияға әкеледі.
СНХ: АНАСТАСИЯ ГАЙДАРЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Ардос - жүрек» мүгедектер бірлестігі бұл іс-шараны жылда өткізеді. Жаздың үш айында балаларды салт атпен жүргізіп, көңіл- күйлерін көтереді.
СНХ: САБИНА ЫСҚАҚОВА, «АРДОС - ЖҮРЕК» МҮГЕДЕКТЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ НҰСҚАУШЫСЫ
Бұл курс неврологиялық дертке шалдыққан жандарды сауықтыруда пайдасы көп. Бүгінгі терапияға 20-дан астам адам қатысты.