Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай өңірде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Мерейтой көрнекті жазушы, қоғам қайраткерінің туған жері Жамбыл ауданы Пресновка ауылында жалғасын тапты. Бұл күні «AMANAT» партиясының қолдауымен «Сөз зергері – Сәбит» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Мәдениет Иманжанов Сәбит Мұқановтың көзін көріп, қолына су құйған жандардың бірі. Бүгінде 86 жасқа келіп отырған қарттың есінде Сәбит атасы жанашыр, кішіпейіл адам ретінде жатталып қалды.
СНХ: МӘДЕНИЕТ ИМАНЖАНОВ, СӘБИТ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ
Сәбит Мұқанов – жазушы ғана емес, академик, қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, қазақ прозасының іргетасын қалаған тұлғалардың бірі. Оның «Ботагөз», «Сырдария» романдары мен «Өмір мектебі» атты естелік трилогиясы бірнеше буынның дүниетанымын қалыптастырды. Жазушының мерейтойына арнайы ұйымдастырылған көрмеде қонақтар қызықты жәдігерлерді тамашалай алды.
СНХ: ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ
Жазушының мерейтойын аудан әкімі Азамат Бектасов ашты.
СНХ: АЗАМАТ БЕКТАСОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Тойға келген қауым концерттік бағдарламаны тамашалады, спорттық ойындар ойнап, өзара мықтыны анықтады.
Ал аудандық мәдениет үйінде «Сөз зергері – Сәбит» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Айтыста 10-нан астам ақын бақ сынасты. Тартысты әрі әсерлі өткен жыр додасының нәтижесінде бас жүлдені солтүстікқазақстандық Жарқын Жұпархан жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.