3 шілдеден бастап «Тоқты мен серке» анимациялық фильмі үлкен экранға жол тартады. Аллегориялық тәсілді сәтті пайдаланып, адами құндылықтар мен ізгілікті дәріптейтін бұл туынды қазақы қалжың мен қызық оқиғалардан тұрады.Айрықша айта кетері, «Тоқты мен Серке» – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы құрамындағы «Balapan» телеарнасының ең сапалы әрі жоғары рейтингке ие жобаларының бірі. «Balapan» бүгінге дейін балалардың танымын арттыруға бағытталған түрлі жанрдағы мультхикаялар, бағдарламалар және телехикаялар өндіріп келеді. Биыл телеарна тұңғыш рет толықметрлі анимациялық фильмдерді жарыққа шығаруды қолға алды.