Петропавлда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткізілген баспасөз конференциясында сала мамандары халықтың шағымдары мен жаңа бастамалар туралы айтты.
Тұтынушылардан түсетін шағымдар саны артып келеді. Тек 2025 жылдың алғашқы 5 айында департаментке 178 өтініш келіп түскен. Олардың жартысына жуығы бөлшек және электрондық саудадағы мәселелерге қатысты. Енді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мүмкіндіктері кеңейіп, сатушыларға жауапкершілік күшейтіліп, өтініш беру тәртібі жеңілдетілді.
СНХР: ЛӘЗІМ МИЯШЕВА, СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жыл басында Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізілді. Енді сатушы тауарды қайтару немесе ауыстыру ғана емес, тұтынушының шағымына уақытында жазбаша жауап беруге міндетті. Жауап бермегені үшін 25 Айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін.
СНХР: ЛӘЗІМ МИЯШЕВА, СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тұтынушылар құқықтары бұзылған жағдайда дәлел ретінде фото немесе видео жинап, сатушыға жазбаша ескерту жіберуі қажет. Заң бұзушылық расталған жағдайда жоспардан тыс тексеріс жүргізілуі мүмкін. Құқықтарыңыз тапталса, өңірлік тұтынушыларды қорғау департаментіне жүгінуге болады.