Петропавлда №40 орта мектеп аумағында әскери-тактикалық дайындыққа арналған жазғы лагерь жұмысын бастады. Оған қала және аудан мектептерінен келген оқушылар қатысып жатыр. Мұнда балалар саптық дайындықпен айналысып, түрлі жаттығулар жасап үйренеді.
Қазірга таңда әскери-патриоттық лагерьде Шал ақын және Ғ. Мүсірепов аудандарынан келген балалар жаттығып жатыр. Олардың қатарында оқушы қыздар да бар. Ангелина Пономаренко лагерьге екінші жыл қатарынан келген.
СНХ: АНГЕЛИНА ПОНОМАРЕНКО, ҚАТЫСУШЫ
Лагерьдің мақсаты – балалардың дене даярлығын нығайту ғана емес, патриоттық тәрбие беру, бойларындағы жауапкершілігін арттыру. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін де артырады.
СНХ: ЖАНАТ ЖАНҒАЗИН – «ЖАС САРБАЗ» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ
«Жас Сарбаз» жазғы лагері тамыз айының соңына дейін жалғасады. Облыс бойынша жүздеген мектептің оқушыларын қатыстыру жоспарланған.