Шал ақын аудандық кітапханасы 1935 жылы ашылған. 2004 жылы жаңа ғимаратқа көшірілген. Биыл ұжым 90 жылдық мерейтойды атап өтті. Айта кетейік, былтыр кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа кейіпке енді.

Күрделі жөндеу жұмыстары «Ауылым – алтын бесігім» бағдарламасы аясында жүргізілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 81 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

СНХ: БАЯН СӘКЕНОВА, «ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ» КММ ДИРЕКТОРЫ


Кітапханада қазіргі таңда 25 адам жұмыс істейді. Оның – 12-сі кітапханашы. Тана Сақтанованың осында еңбек етіп келе жатқанына 35 жылдан асқан.

СНХ: ТАНА САҚТАНОВА, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ


Жалпы, Шал ақын аудандық кітапхана жүйесінде барлығы 27 кітапхана жұмыс істейді. Оның 25-і ауылдарда орналасқан. Кітап қоры – 166 мыңға жуықтайды. Ал, аудандық кітапханада 30 мың кітап бар. Ұжым басшылығының айтуынша, оқуға қызығушылық танытатын адамдардың саны артып келеді. Мәселен,жыл басынан бері мұнда 6500-ден астам оқырман келген.