Біздің қоғамның негізгі тірегі – еңбек адамы. Қарапайым тіршіліктің тасасында, көзге көрінбейтін, бірақ өмірімізге айрықша үлес қосып жүрген жандар аз емес. Сондай жандардың бірі Қызылжар ауданындағы «Жігер» коммуналдық шаруашылығында жылдар бойы адал қызмет етіп жүрген қос азамат Арман Мейірманов пен Амангелді Манкейұлы. Олардың бірі аталмыш кәсіпорынға осыдан бес жыл бұрын орналасса, екіншісінің мұндағы еңбек өтілі жиырма жылдан асып барады.

Бұл азамат Арман Сәлімұлы Мейірманов. Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылына Аққайың ауданынан қоныс аударған. «Жігер» коммуналдық шаруашылығында жұмыс істеп жатқанына биыл бес жыл. Механизатор болып жұмысқа орналасқан Арман Сәлімұлы қазіргі таңда «Жігер» коммуналдық шаруашылығының участок шебері. Оның коммуналдық шаруашылықтағы еңбек өтілі аз. Алайда өзінің іскерлігімен көзге түскен Арманды кәсіпорын басшылығы участок шебері етіп кәсіби тұрғыда жоғарлатыпты. Оған қолындағы дипломы да сай келеді.

СНХ: Арман Мейірманов – кәсіпорынның учаске шебері


Амангелді Манкейұлын – «Жігер» коммуналдық шаруашылығындағы ардагер қызметкерлердің бірі деуге болады. Аталмыш кәсіпорынға ол 2004 жылдың наурыз айында жұмысқа орналасқан. Содан бері осы жерде сынаптай сырғыған 21 жылды артқа тастапты. Алғашында жұмысқа жүргізуші болып орналасқан Амангелді бүгіндері негізгі мамандығымен қатар Бескөлдегі жылыту қазандығының меңгерушісі қызметін де қатар алып келеді. Бұл қажырлы еңбек пен кәсіпорындағы ұзақ жылғы кіршіксіз жұмыс өтілінің жемісі.

СНХ:Амангелді Манкейұлы – кәсіпорынның қазандық меңгерушісі, жүргізуші


Қызылжар ауданын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, Петерфельд пен Бескөл ауылдарындағы жылыту қазандықтарының үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, аудан орталығындағы қоқыс шығару жұмыстарын уақтылы жүргізу. Осы міндеттердеттердің барлығы «Жігер» коммуналдық шаруашылығына жүктелген.

СНХ: Қайырбек Нұралин -коммуналдық шаруашылық басшысы


«Еңбек адамы» – елдің алтын тірегі. Қос азамат,- қай жерде қызмет істесең сол жерде тіршілік бар, жағдайыңды жақсартып жақсы өмір сүру үшін тек ерінбей еңбек ету қажет,-дейді.