Жаз басталғалы Ақмола облысында 2, Солтүстік Қазақстанда 1 адам найзағай түсіп, қайтыс болды. Үшеуі де далада мал бағып жүрген. Табиғаттың тосыннан туындайтын құбылысынан қалай қорғану керек, жай түскен адамға көмектесе аламыз ба? Әріптесіміздің бейнематериалы.

Алланың құдіреті, найзағай. Көктегі энергия ғой. Оған бір жерге кету керек. Жерге түскенде қай нәрсенің энергиясы көп, ол соны соғады.

Азамат Асқарбеков 20 жылдан бері мал бағады. Бір кездері жайлауда боған найзағай қабылдағыш діңгектердің қазір ізі де жоқ. Айтуынша 90-шы жылдары олар қараусыз қалып, маңайдағы ауылдардың тұрғындары металл қабылдайтын пункттерге тапсырып жіберген. Малшы жаңбыр жауып, күн күркісере көл жағасындағы үйді паналайы.

СНХ: АЗАМАТ АСҚАРБЕКОВ, МАЛШЫ


Найзағай – толық зерттелмеген табиғи құбылыс. Оның жылдамдығы секундына 100 мың шақырымға жетеді. Ал қуаты 100 мың амперден асады. Бұл біз күнделікті пайдаланып жүрген электр энергиясынан 6,5 мың есе жоғары.

СНХ: ИСЛАМБЕК КЕНЖЕТАЕВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДӘРІГЕРІ


Сондықтан мамандар мүмкіндігінше бірден жедел-жәрдем қызметін шақыруға кеңес береді. Егер найзағай соққысы жеңіл және орташа деп бағаланса, адамды аман алып қалу мүмкіндігі де жоғары. Найзағай ойнағанда үйде болсаңыз, есік-терезені жауып, тұрмыстық техниканы тоқтан ажырату керек. Ал далада жүрсеңіз....

СНХ: МЕЙРАМГҮЛ БЕКТЕМІРОВА, ФИЗИКА ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ


Найзағай суға, ең биік нүктеге түседі, дейді мамандар. Сондықтан ашық жерде келе жатсаңыз, тізерлеп отырған абзал. Ал орманда төмен ағаштардың астына тығылған жөн.