Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев студенттермен кездесті. Кездесу Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде өтті. Жиында Мәлік Нұржанұлы жастарға білім алудың маңыздылығы туралы айтты.

 Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі - өңірдегі жұмысшы мамандарын даяралйтын жетекші оқу орындарының бірі. Оқу орны заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл студенттерге теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды да меңгеруге мүмкіндік береді.

СНХ: МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ


Білім ордасы дуалды оқыту жүйесін енгізіп, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне және нақты жұмыс орнында білімін шыңдауына жағдай жасайды.

СНХ: АНАТОЛИЙ ФУРМАНЮК, Б. ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Кездесуге қатысқан студенттердің бірі - Дәулет Қали. Ол қазіргі таңда 2 курста оқиды. Студент болашақта өз мамандығы бойынша жұмыс істемек ниетте.

СНХ: ДӘУЛЕТ ҚАЛИ, СТУДЕНТ


Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі келесі оқу жылында 350-ге жуық студентті қабылдауды жоспарлап отыр.