Петропавлдық қолөнер шебері бірегей қуыршақтар жасайды. Ол жұмсақ мата, капрон және полимерлі балшық секілді түрлі материалдармен жұмыс істейді. Қолдан жасалған бұйымдардың қыр- сырымен әріптесім танысып қайтқан болатын.
Евгения Крутевич бала күнінен бастап шығармашылыққа жақын. Негізгі кәсібі – тігінші, жұмсақ жиһаз үлгісін жасаушы. Шебер бос уақытында түрлі бұйымдарды жасауға бар ынтасымен кіріседі.
СНХ: ЕВГЕНИЯ КРУТЕВИЧ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Полимерлі балшықтан қуыршақ жасауға бір аптадан үш аптаға дейін уақыт кетеді. Алдымен пішіні жасалады, кейін дайын болған пішінді арнайы пешке салады.
СНХ: ЕВГЕНИЯ КРУТЕВИЧ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Шығармашылық шекара мен шектеуді талғамайды. Евгения тек қуыршақтар ғана емес, майлы бояумен суреттер де салады, сонымен қатар түрлі пішіндегі жұмсақ ойыншықтар да тігеді. Әр туындысында шебердің нәзік талғамы мен жан жылуы сезіледі.