Мемлекеттік қызмет – бұл қоғам мен ел игілігі үшін атқарылатын маңызды әрі жауапты жұмыс. Бұл – басқару, бақылау және өңір ресурстарын қорғау сияқты күнделікті міндеттерді шешуге дайын адамдарға арналған мамандық. Сол маңызды салалардың бірі – орман шаруашылығын қорғау. Бұл салада жасыл желектерді сақтау, ормандардың жай-күйін бақылау және түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу жұмыстарын жүргізетін мамандар еңбек етеді. Солардың бірі – осы бағытта еңбек жолын бастаған жас маман Артём Антясов.

Университетті тәмамдаған соң Артём табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында еңбек жолын бастады. Оның бақылауындағы аумақ — мың гектардан астам орман алқабы. Артёмнің жұмыс күні «Қызылжар орман шаруашылығында» басталады. Мұнда ол орман алқаптарының қазіргі жағдайы туралы ақпаратты жинап, талдайды. Атап айтқанда өрт қауіптілігін, өсімдіктердің жай-күйін және заңбұзушылықтарды қадағалайды.

СНХР: АРТЁМ АНТЯСОВ – СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ


Далалық тексерістер мен мониторингтен бөлек, жұмыстың едәуіп бөлігі кеңседе атқарылады. Мұнда Артем атқарылған жұмыстар жөнінде есептер дайындайды, ақпараттарды жинап, талдайды және ағымдағы жағдайды бағалау үшін мәлеметтерді салыстырады.

СНХР: АРТЁМ АНТЯСОВ – СҚО ӘКІМДІГІ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ


Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінде 19 қызметкер еңбек етеді. Олардың қатарында жас мамандар да, тәжірибелі кәсіби мамандар да бар. Артёмді әріптестері жауапкершілігі мол, үнемі жаңа дүниені үйренуге деген ынтасы жоғары екендігін айтады.

СНХР: ВАСИЛИЙ ЛАБАНЧУК – ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Артём алдағы уақытта да осы басқармада жұмысын жалғастырып, тәжірибе жинақтап, кәсіби дағдыларын дамытуды жоспарлап отыр. Өйткені басты мақсат – өңірдің орман байлығын келер ұрпақ үшін сақтау және арттыру.