Биыл қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, қарымды қаламгер С. Мұқановтың туғанына 125 жыл. Сондай-ақ биыл облыс орталығында қаламгердің есімі берілген Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ашылғанына 25 жыл толып отыр. Осы мерейлі даталарға орай өнер ордасында Сәбеңнің «Мөлдір махаббат» романының желісі негізінде қойылған спектакльдің премьерасы өтті.
Спектакльде махаббат пен тағдыр, ұлттық дәстүр мен әйел бостандығы тақырыптары терең қозғалды. Басты кейіпкерлер – Бәтима мен Бүркіттің тағдыры арқылы сахнада қазақ қоғамындағы күрделі әлеуметтік мәселелер бейнеленді.
СНХР: АЙДАР ЗАББАРОВ, РЕЖИССЕР
Басты кейіпкер Бүркіт ізденімпаз, білімге құштар, адал, әрі рухани таза жас жігіт. Ол ауылдан қалаға келіп, жоғары оқу орнында білім алады. Бәтес Бүркіттің сүйген қызы, нәзік, тәрбиелі, рухани бай ару. Олардың арасындағы махаббат-романның негізгі желісі. Бұл махаббат тек сезім емес, рухани байланыс, өмірлік ұстанымдардың үндестігі. Олар сыртқы қиындықтарға, әлеуметтік кедергілерге қарамастан, адалдық пен шынайлықты жоғалпаған. Бүркіт пен Бәтестін рөлін театрдың жас актерлері Нұрсұлтан Төлебай мен Жұлдыз Тынысбек сомдады.
СНХР: НҰРСҰЛТАН ТӨЛЕБАЙ, АКТЕР
СНХР: ЖҰЛДЫЗ ТЫНЫСБЕК, АКТРИСА
«Мөлдір махаббат» қойылымы – қазақ әдебиеті мен заманауи сахна өнерінің үндестігін көрсеткен туынды. Қойылым көрермен көңілінен шығып, театр маусымының жарқын оқиғасына айналды.