Өңір экономикасында өсім бар. 2024 жылғы жалпы өңірлік өнім 2,6 млн. теңгеден асып, 14%-ға артқан. Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында бөлшек сауда көлемі 1,2 пайызға артқан.
2025 жылы азық-түлік тауарларының бағасы 7,5 пайызға, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 5,8 пайызға өскен. Ал сыртқы саудада кері динамика байқалды. ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) елдерімен сауда көлемі 15%-ға төмендеді. Атап айтқанда экспорт – 19,7 млн., импорт – 151,1 млн. АҚШ долларын құрады.