Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық интерактивті ойын өтті. Аталмыш іс-шараны болашақ кітапханашылар – тәжірибеден өтіп жүрген студенттер ұйымдастырды.
Сәбит Мұқанов атындағы кітапхана – облыстағы ірі мәдениет және ағарту орталықтарының бірі. Мұнда оқырмандардың барлық жас санатына арналған көрмелер, кездесулер, шеберлік сабақтары мен ойын форматындағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
СНХР: ЕЛЕНА СКАКУНОВА — С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
Ұйымдастырушы Глеб Сухаревтің айтуынша интерактивті ойынның басты мақсаты – тек көңіл көтеру емес, сонымен қатар командалық жұмыс пен ойын арқылы балалардың зейінін, қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
СНХР: ГЛЕБ СУХАРЕВ — СТУДЕНТ
Сонымен қатар, алдағы уақытта да облыстық кітапханада жастарды кітап оқуға қызықтыру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ.