Мемлекеттік қызметтерді алу оңай әрі ыңғайлы бола түсті. Облыста халыққа қызмет көрсету орталықтарын цифрландыру және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Енді көптеген қызметтерді онлайн алуға болады, ал арнайы орталыққа бара алмайтын жандар үшін дербес менеджер сервисі іске қосылды.

Былтыр облыс бойынша 800 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның жартысына жуығы – онлайн түрде. Жалпы, солтүстікқазақстандықтардың арасында ең көп көрсетілетін қызмет түрі: электрондық цифрлық қолтаңба алу, көлік құралдарын тіркеу, жеке куәлік пен паспорт беру.

СЕРІК БЕЙСЕНОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК» КЕ АҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

   - Бүгінгі таңда 1381 мемлекеттік қызмет бар. Мемлекеттік корпорация арқылы 94 % - ы көрсетілсе, электрондық үкімет порталы арқылы 90%-ы жүзеге асады. Былтыр, 800 мыңның 364 мыңнан астамы онлайн түрде көрсетілді.

Сонымен қатар, аймақта мопедтерді тіркеу басталды. Олар 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап механикалық көліктерге теңестірілді. Бүгінгі таңда облыста мопед иелеріне 60 нөмір берілген. Сондай-ақ азаматтарға үйде қызмет алуға көмектесетін көшпелі дербес менеджер сервисі іске қосылды. Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін өткен жылы облыста ХҚКО жаңғыртылды.

СЕРІК БЕЙСЕНОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК» КЕ АҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өткен жылы № 1 және № 2 бөлім жаңартылды. Аудандағы ХҚКО назарсыз қалмайды. Мәселен, Қызылжар ауданындағы орталық та жөндеу жүргізілді. Биыл Айыртау ауданындағы нысанды жаңартуды жоспарлап отырмыз. Жеке менеджер сияқты қызметтер бар. Бұл азаматқа мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетін маман. Олар керек кезде тұрғын үйлерге де бара алады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірде 18 ХҚКО жұмыс істейді, оның 15-і облыс аудандарында орналасқан.