Негізгі Жаңалықтар Мол өнім - мемлекеттік қолдаудың нәтижесі

Мол өнім - мемлекеттік қолдаудың нәтижесі

Жамбыл аудадында орналасқан «Династия Агро» серіктестігі де биылғы күзгі орақ жұмыстарын аяқтауға жақын. Қазір шаруашылық диқандары соңғы алқаптардағы өнімді жинап, астықты қоймаға жөнелтіп жатыр. Серіктестіктегі дәнді -дақылдардың гектар берекелілігі 27 центнердің үстінде болса, майлы дақылдар өнімділігі гектарына 19 центнерден айналуда. Көктем егіс науқаны мен күздегі астық бастыру жұмыстарының сапалы әрі белгіленген межеде жүргізілуі жанар жағармай қорының жеткілікті болуы мен техниканың тоқтаусыз істеуімен тығыз байланысты. Ал мол астыққа кенелудегі басты артықшылық, уақтылы сіңірілген минералды тыңайтқыштар мен түрлі зиянкестерге қарсы себілген химиялық препараттарға уақтылы қол жеткізудің нәтижесі. Ол аграрлық салаға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр дейді серіктестік басшысы.

Жамбыл ауданында орналасқан «Династия Агро» серіктестігінің 2015 жылы құрылған. Алғашқы жылы тек бидай себумен айналысқан олар қазіргі күні дәнді, дәнді-бұршақты, майлы дақылдардың барлық түрлерін өсіреді. Меншіктеріндегі жер телімі 4 мың гектар. Орақ науқанына тамыз айынының басында кіріскен олар бүгінгі күні бидай,жасымық пен распсты толық жинап алған. Қазір дестеге түсірілген зығырды соғу жұмыстары жүргізілуде. 

СНХ: Владимир Кан –СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ 

Мемлекеттік қолдаудың жер емген шаруа үшін маңызы өте зор. Осы мақсатта қабылданған бағдарламалар агроқұрылымдардың аяққа тұрып заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, мүмкіндік көкжиегін кеңейтуге жол ашуда.

СНХ: Владимир Кан –СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ

Серіктестік танаптарындағы өнім биыл да бітік шығып диқандар қауымы мол астыққа кенелуде. Бидайдың орташа көрсеткіші гектарына 27 центнерден асса, чичивица мен рапс 19, зығыр орта есеппен 12 центренден айналуда. Ол көктемгі дала жұмыстарының барлық технологияларды сақтай отырып уақтылы жүргізілгендігінің нәтижесі.

СНХ: Владимир Кан –СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ

Аталмыш серіктестік лизингтің көмегімен соңғы жылдары машина-трактор паркін толық жаңартқан. Тек биылдың өзінде олар «Қаз агро қаржы» институты арқылы 2 «Бюллер» тракторы, 2 «Амазона» себу кешені, Джондир» тұқым сепкіші мен «Камаз» автокөлігін алған. Агроқұрылым ұстанған тағы бір бағыт, ол майлы дақылдарды тереңдете өңдеу. Зығыр майы кәсіпорынның дайын өнім шығару бағытындағы маңызды жобаларының бірі. Дайын май мен одан қалған сығынды бүгінде Ресей, Қытай, Өзбекстан, Монғолия, Италия, Германия мен Жапонияға экспортталады. 

Бөлісу