СҚО ПД бастығы БАҚ өкілдерімен кездесті
СҚО ПД бастығы өңірдің жетекші журналистерімен кездесті. Толығырақ — облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметі материалында.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров өңірдегі жетекші редакциялардың өкілдерімен және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерімен кездесті.
Руслан Назаров құқық бұзушылықтардың жалпы санының 17,5%-ға төмендегені, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясындағы полиция жұмысының басым бағыттары, есірткі және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы айтып, осы өзекті міндеттерді шешудегі БАҚ-тың маңызды рөлін атап өтті.
Журналистер қоғамдық және жол қауіпсіздігі, автожолдардың жай-күйі және басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Руслан Назаров сауалдарға толық жауап беріп, жекелеген мәселелер бойынша деректер нақтыланғаннан кейін қосымша ақпарат беруді тапсырды.
Кездесу барысында БАҚ пен өңір полициясының өзара іс-қимылына қатысты өткір мәселелер немесе жүйелі проблемалар көтерілген жоқ. Бұл Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ашық ведомство екенін және заң мен өз құзыреті шегінде сындарлы диалогқа әрдайым дайын екенін көрсетеді.