Петропавлда «Тұқым күні.Тұқым – 2025. Қызылжар» атты Халықаралық конференция көрмесі өтті. Көрмеде Қазақстанның және Ресей елінен келген жетекші жеткізушілер мен ауыл шаруашылығының мамандары ең үздік деген тұқымдарын, түрлі озық үлгідегі техникаларын ұсынды. Сондай-ақ, жиынға көрші мемлекеттерден, Еуропадан келген сарапшылар, ғалымдар және аргарийлер қатысты.
Іс-шара тұқым шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешуге, өзара тәжірибе алмасуға және биылғы егіс науқанын сапалы тұқымдармен қамтамасыз етуге арналған. Қатысушылар қазақстандық және шетелдік өндірушілер ұсынған маржиналды дақылдардың тұқым көрмесімен танысты.
НҰРЛАН МҰХАМЕДЖАНОВ, «АГРОИНДУСТРИЯKZ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- Бүгінгі жиынға тұқым жеткізетін 28 компания қатысып отыр. Олар Еуропаның, Американың, Қазақстанның және Ресейдің селекциялары. Жалпы, көрмеде дәннің 150-ге жуық түрі ұсынылған. Негізінен, оның бәрі - жоғары маржиналдық дақылдар.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов көрмемен танысып, ұсынылған тұқым түрлерін жоғары бағалады. Және өз сөзінде Солтүстік Қазақстан облысы былтыр 19,7 га жерге дән егіп, рекордтық көлемде астық жинағанын атап өтті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Экономиканың бұл саласы – жалпы өңірлік өнімнің 25 пайызын құрайды. Агросектордың дамуы адамдардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға арналған реформалар жүзеге асуда. Облыста тұқым жаңарту бойынша кешенді жұмыстар қолға алынды. Бүгінгі конферецияда бұл тақырыптар бойынша жақсы пікіралмасу болады деп сенемін.
Конференцияға қатысушылар жиын барысында өз өнімдерінің жаңалықтары, жетістіктері және артықшылықтары туралы айтты. Жиынға қатысқан жергілікті компаниялардың бірі – Аққайың ауданында орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС. Серіктестік солтүстік аймақтағы элиталық және түпнұсқа тқымдардың өндірушісі болып саналады. Мұнда жылына шамамен 8 мың тонна дәнді, майлы және бұршақты дақылдар сатылады.
ОЛЕГ СОЛОВЬЕВ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АШТС» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бұл «Семеновна» деп аталатын тұқым. Құрғақшылықта төзімді. Өте сапалы. Биыл үшінші сыныпқа сәйкес келетін жоғары өнім берді.
"Зенченко и К"командиттік серіктестігі - Солтүстік Қазақстандағы ең танымал брендтердің бірі. Компания дәнді және майлы дақылдарды, картопты, ірі қара мал өсірумен және сүт өнімдерін шығарумен айналысады. Геннадий Зенченко өз сөзінде, облысымыз ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде тұқым шаруашылығын дамытуда жетекші рөл атқаратын атап өтті.
ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К» КС БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Бүгінгі конференцияда көптеген ұтқыр идеялар меен ұсыныстар айтылды. Тұқым шаруашылығын дамыту – ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі. Қазақстанның аумағы өте үлкен. Түрлі климаттық белдеулер бар.Осы жағдайларды дұрыс пайдалана білуіміз керек. Биым тұқым шаруашылығында біршама өзгерістер жетістіктер бар екенін көріп отырмыз.
Мұндай ауқымды іс-шара облыста алғаш рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар бұл конференцияны енді дәстүрлі түрде өткізбек ниетте.