Петропавлда 1 ТӘУЛІК су болмайды. Ақпанның 2-сі сағат 22:00 ден 3-і дәл осы уақытқа дейін су беру тоқтатылады. Осы аптада су екінші рет өшіріліп жатыр. Соңғы рет 29 ақпан жарты күн бойы су болмаған. Сол себепті алдын ала жеткілікті мөлшерде су қорын дайындап алған жөн.
Петропавлдағы 1-ші сорғы станциясы 1974 жылы салынған. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы қаланы сумен қамтамасыз етіп келеді. 2024 жылы болған су тасқыны кезінде нысан қатты зақымданды. Қазір мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде барлық қажетті жабдық бар. Алайда ескірген қондырғыларды қалыпқа келтіру үшін уақыт керек. Сондықтан наурыз айына дейін тағы да бірнеше мәрте су беру тоқтатылады.
ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Бұндай шешім қабылдағанымыздың себебі 2024-те болған тасқын су. «KAZ Minerals» компаниясы 2,9 млрд теңге бөліп отыр. Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осындай су тоқтатулар тағы болады. Оған түсіністікпен қарау керек. 1-ші сорғы станциясы 51-жыл қызмет жасап келе жатыр. Бәрі ескерді. Тот басқан. Осы жаңарту жұмыстарынан кейін бізде барлығы жаңа болады. Тіпті судың астында қалған күйіде істеп тұрады.