Биыл еліміздегі кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 35 жыл. Ал, кәсіподақ қозғалысының басталғанына 120 жыл толып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өңір кәсіподақтарының 2024 жылғы жұмысының қорытындысы жайлы айтылды.
Кәсіподақ ұйымының міндеті – еңбек адамдарының мүддесін қорғау, жұмысшылардың жағдайын жасау. Осы мақсатта былтыр 9 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, 419 мүше қабылданды. Су тасқыны кезінде ұйым қарап қалмай, гуманитарлық көмек көрсеткен.
ЕРІК НҰРАҚАЕВ, «СҚО КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Су тасқынында 793 кәсіподақ мүшесіне жалпы 53 миллион теңгеден астам гуманитарлық көмек көрсетілді. 2024- жылы білім беру бастамалары аясында кәсіподақтар 21 іс-шара өткізді, Бұл іс-шараларға 738 адам қатысты. Сондай-ақ, облыс өкілдері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Халықаралық еңбек ұйымы бірлесіп өткізген халықаралық білім беру іс-шараларына қатысты.Экологиялық «Туған жер» жобасын іске асыру жалғасуда, оның аясында Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясына 110 сібір шыршасы отырғызылды.
2025- жұмысшы мамандықтар жылы. Өңірде 24 колледж бар. Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетіне 13 колледж қарайды. Былтыр 411млн теңгеге 4 колледжге күрделі жөндеу жүргізілді. Және қызмет көрсету колледжіне 244 орынға шақталған жатақхана салынды.
БЕРІК АЮПОВ, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ СҚО ҰЙЫМЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:
- Президент Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мақсатында қолған алынған. Біздің облыста білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитеті жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша іс шаралар жоспарын әзірледі. 4 жылда 17 колледжге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.
Қазақстан Кәсіподақтарының федерациясы қазіргі таңда салалық және аумақтық кәсіподақ ретінде жұмыс істеп келеді. Биыл басымдық жұмысшы мамандықтарына берілмек.