280 км республикалық маңызы бар жол, 630 км облыстық және аудандық маңызы бар және 200-ге жуық кентішілік жолдар. Былтыр өңірде мың шақырымнан астам жол жөнделді. Атқарылған жұмыстар есебінен нормативтік жағдайдың үлесі 72-ден 84% - ға дейін жеткізілген.
Өңірде жолдар желісі 8 мың км-ден асады. Оның 2 мыңға жуығының - республикалық маңызы бар. Жолдарды жөндеу жұмыстары биыл да жалғасады. Нақтырақ айтқанда облыстық және аудандық маңызы бар 800 шақырым жол қалыпқа келтірілмек. Республикалық трассалар да назардан тыс қалмайды.
ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Сонымен қатар, республикалық орташа жөндеу жүргізіледі. Ол А16 Петропавл-Жезқазған. Ол облыс бойынша ең ұзын жол болып есептеледі. 360 шақырым. Өткен жылы ақша бөлінді. Құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. А13 Бидайық-Талшық РФ шекарасындағы жолдағы Кішкенекөл мен Талшықтың арасы 67 шақырым қамтылып жатыр.