Облыстық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Бұл кеңес кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауға, өтініштерін тыңдап, бизнесті дамытудағы мәселелерді шешуге атсалысады.
Мәселен, кейінгі бір жылда кеңес 15 отырыс өткізген, оның ішінде аудандар бойынша да жиын ұйымдастырылған. Ал, кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша 38 мәселе қаралған. 2024 жылы 48 ұсыныс жасалып, оның 45-і мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапты. Сегіз лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңес Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне үнемі қолдау көрсетіп, мәселелерінің жүйелі шешілуіне ат салысып келеді.
ИНЕССА ҚУАНОВА СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Былтыр жеке қабылдауға 40 кәсіпкер келді, оның ішінде жекеменшік кәсіпкерлер де, қоғамдық бірлестіктер де болды. Бұдан бөлек күнделікті бірнеше кәсіпкер келіп, өз мәселесін айтып жатады. Біз тиісінше қолдау көрсетуге тырысамыз. Көбіне сот ісінің жүру тәртібін, сот ісін қарау бойынша түсіндіруді сұрайды.