Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесін қайта жаңарту жұмыстары биыл басталады. Көшені ауқымды өзгерістер күтіп тұр. 

Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшелерінің бірі — Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы. Көшенің ұзындығы 2 шақырымнан асады. Оны қайта жаңарту жұмыстары биыл басталмақ.

Жоба үш кезеңде іске асырылады. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жоспар бойынша қиыршық тасы ауыстырылып, көше кеңейтіліп, жарықтандырылады. Көшенің бірыңғай архитектуралық стиліне ерекше назар аударылады. Даңғыл бойында орналасқан барлық кәсіпкерлік нысандар ғимараттарының қасбетін өз есебінен жаңа стандарттарға сәйкес жөндеуі тиіс.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Биылғы жылдан бастап Конституция көшесіін реконструкциялау жоспарланған. Жалпы жұмыстардың барлығы 3 этапта жүргізіледі. Ағаштардың барлығы өз қалпында қалады.02:20 Биылғы жылы 1-ші этапы басталатын болады.

Мереке күндері одан әрі жандана түсетін көшені қала тұрғындары мақтан тұтады. Өйткені, ол Петропавлдың көрікті жерінің бірі болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Конституциясы көшесі әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшелерінің бірі. Ол Копенгагендегі Строгеттен үлкен, Оның ұзындығы 1800 метрге жетер-жетпес шамада.Көшені Гиннестің рекордтар кітабына енгізу мәселесі бұрын жергілікті белсенділермен талқыланған болатын.