Облыстық архивте еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге арналған тағылымды іс-шара өтті. Бұл жиынға Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледждің студенттері қатысты. Жастарға өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтары туралы айтылып, олардың жетістіктері таныстырылды.
Еңбек адамдары – ел дамуының негізгі қозғаушы күші. Архивтегі құнды құжаттар мен сирек кездесетін фотосуреттер өткеннің өнегелі жолын көрсетеді. Солардың ішінде социалистік еңбек ерлері де бар. Аймақта олардың саны 125-ке жеткен.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Жұмысшылар арқылы, еңбек арқылы біз өзіміздің қоғамдық байлығымызды жасаймыз. Сол байлықты ертеде қалай жасаған екен, яғни ол бүгінгі күні ғана емес, бізде архивте сақталған еңбек адамдарының ерлігі. Соның ішінде социалистік еңбек азаматтарының, еңбек жолы қалай басталғанын біз студенттерге бүгін айтамыз.
Өңіріміздің абыройын асқақтатқан еңбек адамдарының қатарында Геннадий Зенченко мен Руслан Молдабеков сынды беделді тұлғалар да бар. Олар өздерінің табандылығы мен еңбексүйгіштігі арқылы жас ұрпаққа үлгі бола білді. Ағалардың ізін жалғап, «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығын меңгеріп жатқан Ақтан Хавдавлетов те болашақ еңбек майталмандарының бірі болуға талпынуда.
АҚТАН ХАВДАВЛЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 2 КУРС СТУДЕНТІ:
- Менің мамандығым жол қозғалысын ұйымдастыру, яғни жол инспекторы мамандығы. Жол инспекторы мамандығы бұл жол қозғалысын қадағалау және көліктердің реттілігін, заң бұзушылықтың алдын алуға жауапты маман. Жол қозғалысы мамандығы маған өте қызық борлыд және мемлекеттік қызметте жасағым келді.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілетін іс-шаралар жастарды техникалық және кәсіптік білімге тартуға, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын арттыруға бағытталған.