С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада жұмысшы мамандықтарына арналған кітап көрмесі өтті. Іс-шараға еңбек ардагерлері мен Петропавл колледждерінің студенттері қатысты.
С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты жұмысшы мамандықтарын насихаттау және жастар арасында олардың беделін арттыру.
Тілек Әбдірахманов еңбек ардагері, облыстың құрметті азаматы. Еңбек өтілі 60 жылдан астам. Бүгінгі іс-шараға жастарға ақылын айтып, тәжірбиесімен бөлісуге келген. Тілек Әбдірахманов жұмысшы кадрлар санының артуы елдің одан әрі өркендеуінің кепілі деп есептейді.
Облыста 24 колледж бар. Оның 13-і жұмысшы мамандықтары бойынша білім береді. 11 мыңнан астам студент оқиды. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру үшін студенттерге де жағдай жасалған. Айта кетейік, «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» көрмесі осы жылдың аяғына дейін сақталады. Сондықтан кез-келген оқырман бұл көрмемен таныса алады.