«AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов Есіл ауданында бірқатар нысанды аралады. Сонымен қатар, жыл қорытындысын шығарып, 2025 жылға арналған жоспарларды тілге тиек етті.
АМАНАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар нысандарын қамтитын өңірлік жол картасы әзірленген. Бұл арқылы агроөнеркәсіп кешені дамып, өндіріс орындары мен жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Соның бірі – Есіл ауданында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру орталығы. Құрылыс үш жылға созылып, жобаның құны шамамен 500 миллион теңгені құраған. Қазір мұнда 14 спорт секциясы жұмыс істейді. 600-ге жуық бала қамтылған.
АЗАМАТ ШОТКИН БАЛАЛАР-ЖАСӨСІПІРІМДЕР МЕКТЕБІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Қазақ күресінен оқушыларымыз қазақстан барысына қатысып келді. Жас барысқа. Ең көп қызығушылық бізде футбол, қазақ күресі, волейбол, грек рим волейбол ойын группаларын олар да әрине көп болады.
Сондай-ақ ауданда «Есіл» атты кір сабын шығаратын шағын цех бар. Цех бір жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпкерлер Гүлістан Жарасбаева мен Ақнұр Ерғалиева оны өз қаражаттарына ашқан. Қазір аптасына 250-ге жуық сабын шығарады. Тек аудан көлемінде емес, Астана, Көкшетау қалаларынан да сұраныс бар.
ГҮЛІСТАН ЖАРАСБАЕВА КӘСІПКЕР:
- Бұл сабынды біз 80 пайыз тоң майдан жасаймыз. Сосын шелочь қосылады, сосын ароматизатор қосылады. Тоң майдың иісін жою үшін. Өте пайдалы.
Партияның міндеті – жоспардың уақытылы орындалуын, бюджеттің толық жетуін, жұмыс жағдайының сақталуын қадағалау дейді «АМАНАТ» партиясы облыстық филиалының жауапты хатшысы Жеңіс Асанов.
ЖЕҢІС АСАНОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
- Сайлауалды бағдарламаны орындалу барысын қадағалау үшін жол картасы жасалған болатын. Сайлауалды бағдарламалар орындалу барысын қадағалау үшін жол картасы бар. Облыстық жол картасына кірген обьектілерді араладық. Дене шынықтыру орталығына бардық. Оның жұмыс барысымен таныстық.
Облысқа арналған жол картасының әр пунктінің орындалуын қадағалау мемлекеттік органдар мен мәслихат депутаттарына жүктелген. Оны жүзеге асыру мәселелері «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалының жанынан арнайы құрылған Қоғамдық кеңес отырыстарында, сондай-ақ парламенттік фракциялардың жиындарында жүйелі түрде қаралады.