2025 - «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жарияланды. Бұл шешім қоғамда отбасы институтының маңыздылығын арттыру, ұлттық және діни құндылықтарды қайта жаңғырту мақсатында қабылданып отыр. Осыған орай Петропавлда 13 ауданнан жиналған бас имамдармен семинар өтті.

Ислам дінінде отбасы бірлігіне айрықша маңыз берілген. Отбасы- исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Отбасы бала тәрбиесінің ұйытқысы екендігіне ерекше көңіл бөлінеді.

ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ:

Жылдың басында 22 қаңтар күні Астана қаласында діни басқармасының ғимаратында төралқа жиналысы өткен болатын. Әр облысқа жеке тапсырмалар берілді. Әр жыл белгілі атаумен бекітіледі. Бала тәрбиесінде өзіміз тәрбие ісіне араласпаймыз. Бала тәрбиені жан жақтан алады. Биылғы жыл ислам және отбасы құндылықтары деп бекітілді. Осы жыл аясында бірнеше іс-шараларды жүзеге асырамыз.

Бұл семинарға өңірдің дін өкілдері жиналған. Мақсат - осы жыл аясында атқарылуы тиіс іс-шаралармен таныстыру, жоспармен бөлісу. Сондай-ақ өткен жыл қорытындыланып, 11 имам алғыс хатпен марапатталды.

ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ:

- 2024 жылы атқарылған жұмыстарды бағалай келе аудан, қала имамдарының ішінен үздік имамдарға бас муфтиіміздің атынан алғыс хат ұсыну жоспарымызда. Әр ай сайын әр бағытта жасалған жұмыстарын осылай бағалаймыз.

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы – діни бастама ғана емес, негізгі мақсаты қоғамды біріктіруге арналған. Себебі отбасының нығаюы – қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің болашағына тікелей әсер етеді.