Елде жұмыс күші көп аймақтардан халықты солтүстікке көшіру бойынша мемлекеттік бағдарлама бар. Оның аясында жүздеген отбасы солтүстікке көшіп келді. «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалының жауапты хатшысы Жеңіс Асанов Есіл ауданы, Явленка ауылына барып, көшіп келген отбасылармен кездесті.

Мира Какимбекова 2021 жылы Астана қаласынан Солтүстікке қоныс аударған. Жолдасы екеуі мемлекеттен көші-қон үшін берілетін жәрдемақыны және жеке бизнес ашуға мемлекеттік грантты алған. Кейіннен отағасы мезгілсіз қайтыс болып, шаруашылықты жүргізуге жағдайы келмеген. Аудан әкімінен көмек сұрап, орталыққа көшсем деген өтініші аяқсыз қалмады. Қазір ол тұратын үй орталық жылу мен су жүйесіне қосылған.

МИРА КАКИМБЕКОВА АУДАН ТҰРҒЫНЫ:

-2022 жылы аяқ асты жоласым қайтыс болғаннан кейін менің жағдайым күрт нашарлап кетті. Қыс мезгілі 8 айлық баламен қалғаннан кейін, отым бар, көмірім бар. Оны түсіруім бар. Өзім жұмыссыз отырған соң менің ойым аудан орталығына көшіп келу болды. Сол аудан орталығына көпі келем деп аудан әкіміне кездесу келдім. Мереке Төлеужанұлы сөзімді жерге қалдырмай, аудан орталығынан маған осы үйді берді. 

Жалпы Есіл ауданына 2024 жылы елдің оңтүстігінен 134 адам, 24 қандас көшіп келген. Отбасының әр мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек берілді. Сонымен қатар, қоныс аударғандарға құқықтық және психологиялық қолдау көрсетіледі.

ҚАСЫМ СЕЙТІНБЕТОВ ЕСІЛ АУДАНЫ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Мемлекет тарапынан берілетін 70АЕК әр отбасы мүшесіне жасына қарамастан төленеді. Көшіп келгеннен кейін жаңа үйлерге тұрамын десе сонда қоныстандырамыз. Ал екінші нарықтағы үйлерді аламын дейтін болса 50 де 50 жарты бағасын үкімет тарапынан төлеу қолданылады. Жұмыспен қамту өткен жылы көшіп келгендердің 60 еңбекке жарамдылар. 50 ден астамы жұмысқа орналастырылды. Өз ісін бастаймын дегендерге грант беріледі.

Жалпы Есіл ауданында «Еңбек» бағдарламасы бойынша 92 тұрғын үй салынған, олардың барлығы иелеріне табысталды. 2025 жылы жоспар бойынша тағы 50 отбасы мен қандастарды қабылдау жоспарланған.