Петропавлда жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден облыстық чемпионат басталды. Өңірдің түкпір-түкпірінен келген спортшылар өз өнерлерін көрсетіп, үздік атануға тырысты. Себебі осы додада топ жарғандар Астана қаласында өтетін ел чемпионатында өңір намысын қорғайды.

Қазақстандағы коньки спорты ХХ ғаырдың 20-шы жылдары бастау алды. Осы жылдары алғашқы үйірме Петропавл қаласында пайда болады. Осы күнге дейін өңірде бұл спорт түрі жақсы қарқын алып келе жатыр. Бүгінгі чемпионатқа да жастар сақадай сай.

Конькимен жүгіруден облыстық чемпионат «Қарасай» стадионында өтіп жатыр. Жарысқа Петропавл мен аудандардан 5 команда - 80-ке жуық жасөспірім қатысты.

ОЛЬГА ИХТЕНДРИС – БАС ТӨРЕШІ:

- Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған жарыс 4 жас ерекшелігі бойынша өтеді. Соған байланысты жүгіріп өтетін қашықтық та әр түрлі. Үздік атанған алғашқы 3 спорты елордада өтетін чемпионатқа жолдама алады.

Жарысқа қатысушы Алина Мухоряпова жеңістен үмітті. Коньки спортымен 11 жыл айналысады. Спортшы болашақта әлем чемпионатында өнер көрсеткісі келеді.

АЛИНА МУХОРЯПОВА – САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Республикалық чемпионаттарға қатыстым. Бүгінгі жарысқа көп дайындалдым. Қазір 2 айналымды жүгіріп өттік. Мұз жақсы, ауа-райы да жарыс үшін қолайлы болып тұр.

Жарыс 2 күнге шақталған.