Былтыр ел экономикасының өсімі 4,8% жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жұмыстың негізгі нәтижелері туралы Үкімет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов баяндады.
Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік және өңдеу өнеркәсібі сияқты салаларында жоғары көрсеткішке қол жеткізілді. Аграрлық секторда және өңдеуде соңғы 10 жылдағы ең серпінді өсім тіркелді. Өңірлерге тоқталсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстары, Астана және Шымкент қалалары ең үлкен экономикалық өсімді көрсетті. Былтыр Қазақстанда 29 ірі зауыт салынды. Сондай-ақ, алғаш рет 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 397 денсаулық сақтау, 298 білім беру нысаны салынды. 11 мың орынға жуық 40 студенттік жатақхана тапсырылды. Сонымен қатар, Олжас Бектенов білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы негізгі жетістіктер мен жоспарларды айтып, мұнай және көмір химиясы өнеркәсібінде ауқымды жобаларды іске қосу жоспарлары туралы баяндады.