Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты облыстық байқау салтанатты түрде ашылды. Оған 7-17 жас аралығындағы оқушылар қатысып жатыр. Байқауға 300-ге жуық жұмыс ұсынылды.
«Табиғат әлемі балалар көзімен» байқауы – мектеп оқушыларына айналадағы әлемнің кереметін көрсету үшін тамаша мүмкіндік. Шығармашылық жарыс екі номинация бойынша өтеді. Біріншісі – «жыл символы». Екінші номинация – «табиғат және қиял» деп аталған. Барлық жұмыс табиғи материалдардан жасалды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Ал көрме 31 қаңтарға дейін жалғасады.
ЛЮБОВЬ ФОМИЧ, ОРТАЛЫҚ ӘДІСКЕРІ:
- Әрбір байқауымыз кезең-кезеңімен өткізіледі. Алдымен біз ереже жібереміз, онЫМЕН барлық қатысушылар танысып, номинацияНЫ ТАҢДАЙДЫ. Егер бала шығармашылыққа жақын болса, табиғи материалдармен жұмыс істейтін болса, ол «Табиғат және фантазия» номинациясын таңдайды. Бұл номинация шынайы шығармашылықты талап етеді, табиғи материалдың не екенін түсініп, оны дұрыс таңдап, жұмыс істеу қажет. Мұндай жұмыс көп уақыт пен күш жұмсауды талап етеді.